Ресейде шетел валютасы мен алтын саудасы тоқтатылды
© Сурет: unsplash
Ресейде ішкі нарықта шетел валютасы мен алтынды сатып алу және сату операциялары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейдің Қаржы министрлігі ресми мәліметіне сәйкес, бұл шектеу 2026 жылғы 1 шілдеге дейін күшінде болады.
Министрлік бұл шешім мұнайдың базалық бағасын есептеу параметрлерін өзгерту жоспарына байланысты қабылданғанын атап өтті. Бұл өзгерістер мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыруға және елдің қаржы жүйесін нығайтуға бағытталған.
Бұған дейін еуропалық Mind Money брокерлік компаниясының бас директоры Юлия Хандошко ресей рублі күрделі жағдайға тап болғанын айтқан еді. Оның пікірінше, пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі мен импорттың артуы рубльге қысым жасап отыр.
Сондай-ақ ол мұнай бағасы өсіп жатқан кезде доллар бағамының көтерілуі парадокс екенін атап өтті. Әдетте мұнайдан түсетін табыстың артуы рубльдің нығаюына ықпал етеді.
Бұған дейін мұнай құнының өсуі теңгені күшейтуде екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:54, 15 мамыр 2026
Анталья әуежайы жеке трансферлерге арналған тәртіпті өзгертті
-
11:35, 15 мамыр 2026
Чехиядағы шіркеуден ортағасырлық әулиенің бас сүйегі ұрланды
-
10:34, 15 мамыр 2026
Өзбекстан алғашқы ғарышкерін іздестіріп жатыр
-
10:27, 15 мамыр 2026
Үндістанда болған алапат дауыл әлеуметтік желіні шулатты
-
10:16, 15 мамыр 2026
Кипрде демалыста жүрген әйелдің баласын ұрлап кеткен





