Ресейде мигранттарға тағы бір салада жұмыс істеуге тыйым салынды
© Сурет: pexels
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында шетел азаматтарына жұмыс істеуге рұқсат етілмейтін экономикалық қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
РБК мәліметінше, тиісті қаулыға өңір губернаторы Александр Беглов қол қойған.
Енді бұған дейін такси саласына қойылған шектеулерге қосымша ретінде курьерлік жеткізу саласына да шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, ОКЭД 53.20.3 қызмет түрлері – әртүрлі көлік түрлерімен жеткізу, үйге тамақ жеткізу және басқа да курьерлік қызметтер.
Санкт-Петербург билігінің мәлімдеуінше, бұл шешім көлеңкелі жұмыспен қамтудың алдын алу, курьерлік қызметтердің қауіпсіздігін арттыру және РФ азаматтары үшін – ең алдымен студенттер мен жастар үшін – жұмыс орындарын ашу мақсатында қабылданған.
"Бизнеске жаңа талаптарға бейімделу үшін үш айлық өтпелі кезең белгіленді. Бұл кезең ішінде компаниялар кадр саясатын жаңа ережелерге сай реттей алады", – делінген ресми мәлімдемеде.
Бұған дейін Армения мен Әзербайжанның жер дауынан ресми түрде бас тартатындарын растағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





