Путин әскери іс-қимылдарды уақытша тоқтатып, Пасха бітімін жариялайтынын мәлімдеді

© Сурет: Кремль
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен арадағы әскери қақтығысты уақытша тоқтатып, Пасха бітімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей тарапы барлық әскери іс-қимылдарды 19 сәуірде сағат 18:00-ден бастап 21 сәуірде 00:00-ге дейін тоқтатады.
"Бүгін жексенбіден дүйсенбіге дейін сағат 18:00-ге дейін Ресей тарапы Пасха бітімін жариялайды. Осы кезеңде барлық әскери ісқимылдарды тоқтатуды ю-бұйырамын. Украиналық тарап біздің жолымызды ұстанады деп ойлаймыз. Бұл ретте біздің әскерилер жау тарапынан бітімгершілікті бұзу мен арандатушылық сипатындағы кез келген агрессивті әрекеттерге тойтарыс беруге дайын болуы тиіс", – деді РФ президентінің сөзін келтірген Кремльдің баспасөз қызметі.
Украина президенті Ресей тарапы жариялаған бітімге жауап ретінде бұрын ұсынылған 30 күндік атысты доғару келісімін еске салды.
"30 күн бойы атысты тоқтату форматындағы тиісті ұсынысты Ресейдің жауапсыз қалдырып отырғанына осымен 39 күн. Америка Құрама Штаттары осындай ұсыныс жасады, Украина оны оң қабыл алды, бірақ Ресей елемеді ғой оны", – деп жазды Зеленский өзінің Telegram-дағы арнасында 2025 жылдың 19 сәуірінде.
Владимир Зеленский Украинаның Пасхадан кейін де бітімгершілікті ұзартуға дайын екенін айтты.
"Егер Ресей кенеттен тыныштық форматына қосылуға дайын болса, Украина да оны құп көреді, өйткені ұсыныс Ресей тарапынан болады. Тыныштыққа жауап ретінде тыныштық, соққылар жасалса, қорғану үшін қарсы соққылар беріледі. Егер толық тыныштық орнаса, Украина оны 20 сәуірдегі Пасха күнінің соңында одан әрі ұзартуды ұсынады. Бұл Ресейдің шынайы ниетін көрсететін болады, өйткені 30 сағат БАҚ-тар үшін жеткілікті болғанымен, бірақ сенімді нығайтудың нақты шарасы бола алмайды. Ал отыз күн әлемге мүмкіндік бере алады".
Украина президенті атысты тоқтату толықтай сипатқа ие болмайтынын айтады.
"Әзірге, бас комитеттің есебіне сәйкес, майданның кейбір учаскелерінде Ресей тарапынан шабуыл әрекеттері жалғасуда және Ресей артиллериясы аптығын баса алмай жатыр. Сондықтан Мәскеуден жолданған сөздерге сенім жоқ. Біз Мәскеудің манипуляцияны қалай-қалай жасайтынын жақсы білеміз және біз әрқашан бәріне дайынбыз", - деп қорытындылайды өз сөзін Зеленский.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 13 мамыр 2025
АҚШ жағалауында киттің сирек кездесетін түрі көзге түсті
-
11:51, 13 мамыр 2025
Газа секторында гуманитарлық көмек жеткізудің тоқтауынан ашыққан балалар шетінен жан тапсыруда
-
13:53, 12 мамыр 2025
Трамп Киевті Путиннің Түркиядағы келіссөздер туралы ұсынысына келісуге шақырды
-
13:01, 12 мамыр 2025
Зеленский Путинмен Түркиядағы келіссөздерде жеке кездесуге дайын екенін айтты
-
11:09, 12 мамыр 2025
Гренландияның мұз қабаттарында мыңдаған жыл бұрын қатып қалған вирустар «еруде»