Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты балабақшалар уақытша жабылды
© Фото: pixabay
Өзбекстанның кей өңірлерінде аптап ыстыққа байланысты балабақшалар уақытша жабылды. "Узгидромет" бүгіннен бастап ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілетінін хабарлады.
Елде аптап ыстықтың екінші толқыны басталды. Осыған байланысты Қарақалпақстан Республикасының 3 бірдей аймағында мемлекеттік балабақшалардың жұмысы тоқтатылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Жергілікті билік өкілдері сәбилердің денсаулығына қауіп төнбеуі үшін және санитарлық нормаларды сақтау мақсатында осындай шешім қабылдаған.
Яғни, күн шамадан тыс ысыған мезгілде тамақтан улану немесе өткір ішек инфекцияларын жұқтыру секілді жағдайлар болуы мүмкін.
Дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарға ыстықтан барынша қорғану қажет екенін ескертіп жатыр.
"Елдің оңтүстігі мен шөлейт аймақтарда ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар. Ал солтүстіктегі бірнеше облыста +43 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал. Тұрғындарды өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға, қауіпсіздік шараларын мейлінше сақтауға шақырамыз." Азимжон Нарзуллоев, Гидрометеорологиялық қызмет агенттігінің басқарма басшысы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:21, 23 қаңтар 2026
Ресей азаматы «Эйфель мұнарасынан құлап», ауруханаға түсті
-
14:53, 23 қаңтар 2026
WhatsApp-та жаңа маңызды мүмкіндік пайда болады
-
13:15, 23 қаңтар 2026
Чилиде астрономдар сирек кездесетін ғарыштық құбылысты тіркеді
-
12:27, 23 қаңтар 2026
Жапонияда бұрынғы түрмені сәнді қонақүйге айналдырды
-
11:04, 23 қаңтар 2026
АҚШ Венесуэламен диалогты қалпына келтіру үшін жаңа дипломат тағайындады





