«Өлтіре салыңдар»: АҚШ-та Fox News жүргізушісінің үйсіздерге қатысты мәлімдемесі дау туғызды
© Сурет: Facebook/Brian Kilmeade
Fox News арнасының жүргізушісі Брайан Килмид тікелей эфирде үйсіздер мен психикалық ауытқуы бар адамдардан "құтылу керек" деп мәлімдеп, "мәжбүрлі өлім инъекциясын немесе соған ұқсас бірдеңені" ұсынды, аталмыш мәлімдеме АҚШ-та үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Los Angeles Times басылымының мәліметінше, АҚШ-та психикалық аурумен ауыратын үйсіз адам украиналық босқын Ирина Заруцкаяны өлтірген. Осы қайғылы оқиғаны талқылау барысында журналист: "Жай ғана өлтіріңдер оларды", – деп айтқан.
Бұл сөздер көрермендердің наразылығын тудырып, интернетте сынға ұшырады. Артынша Килмид кешірім сұрады.
"Бұл өте қатыгез және жанашырлықтан ада пікірім үшін кешірім сұраймын. Мен, әрине, барлық психикалық ауытқуы бар үйсіз адамдар Солтүстік Каролинадағы қылмыскерлер сияқты емес екенін және көпшілігі біздің жанашырлығымыз бен қолдауымызға лайық екенін білемін", – деді Килмид.
Бұған дейін АҚШ-та Трамптың ең сенімді серіктерінің бірі әрі ықпалды жастар белсендісі Чарки Кирктің өлтірілгені жайлы жазғанбыз. Ол 10 қыркүйек, сәрсенбі күні Юта университетінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз адам тарапынан атылып, қаза тапты. Күдіктіні ұстауға көмектескендерге ФБР сыйақы жариялады. Көп ұзамай, күдікті де анықталды, ол небәрі 22 жастағы бозбала.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:21, 9 қыркүйек 2026
АҚШ-та рұқсат етілгенімен, шетелде қатаң тыйым салынған: туристерге ескерту жасалды
-
11:55, 9 қыркүйек 2026
Қытайда автокөлік сатылымы күрт төмендеді
-
11:06, 9 қыркүйек 2026
Жерде адамзатқа қауіп төндіретін жаңа суперконтинент қалыптасып келеді
-
11:00, 9 қыркүйек 2026
34 млн теңгеге әлемдегі ең ұзақ круиз: Жер шарын айналып шығуға қанша күн кетеді
-
09:56, 9 қыркүйек 2026
Грузияда қатарынан екі жер сілкінісі болды





