Израильде ұшқышсыз басқарылатын техника көрмесі ашылды

13:01, 20 қыркүйек 2017

Израильде ұшқышсыз басқарылатын техниканың халықаралық көрмесі ашылды. Онда құрастырушылардың әскери ғана емес, азаматтық мақсатта да қолданылатын жаңа құрылғылары таныстырылды.

Саладағы тың технологиялар талайды тамсандырды. Осыдан он жыл бұрын ұшқышсыз аппараттар тек суретке түсіруге қауқарлы болатын. Ал енді жан-жақты жетілген. Мәселен, ауыл шаруашылығы мен өртке қарсы қызметте, барлау жүргізу, адамдарды құтқару үшін де қолданылады. «Мул» деп аталатын жаңа аппарат жүк тасымалдап, адамдарға мол пайдасын тигізеді. Қондырғының тағы бір ерекшелігі ұрыс алаңында жараланған 4 бірдей адамды көтеріп, жедел көмек беретін жерге жеткізе алады.

Ронен Фишман, ұйымдастырушы:

-Бұл технологиялар тікұшақтардан қымбат емес. Ешкім өз өмірін бәйгеге тігіп, ұрыста жараланған сарбаздарды алып кетпейді. Ал оператор аппаратты жерден көтеріп, кейін автоматты басқару жүйесін іске қосады. Әрі қарай барлығы компьютердің бақылауында болады. Ең басты айырмашылығы осы.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!