Германия халқы ереуілдеп жатыр, ұшақтар ұшпай қалды
© Сурет: unsplash
Оқиға жексенбіде Гамбург әуежайынан басталды, содан кейін мұндай наразылық акциялары Германияның ірі әуежайларында орын алып, ол жалпыұлттық сипатқа ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.
BCC мәліметінше, Франкфурт, сондай-ақ Берлин, Бремен, Кельн, Дортмунд, Дюссельдорф, Гамбург, Ганновер, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарттағы әуежайлар кең көлемді ереуілге тап болып, мыңдаған рейстер тоқтатылды.
Гамбург әуежайында дүйсенбіге жоспарланған 143 рейс түгелдей орындалмады. Мюнхен әуежайы "ұшы кестесінде айтарлықтай қысқарту болғанын" ескертті, нақтырақ айтқанда, бүгінге жоспарланған 820 рейстің басым бөлігі тоқтатылды.
Франкфуртта орналасқан негізгі әуе хабы - Lufthansa әуе компаниясы өзінің барлық бағыттарында "кідірістер мен ауқымды кешігулер" болғанын растады. Бүгінге жоспарланған 1770 рейстің көбісі тоқтатылды.
Франкфурт, Мюнхен, Берлин және басқа да ірі қалаларда жолаушыларға әуежайларға барудан бас тартуға кеңес берілді.
Германияның мемлекеттік секторы мен көлік қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін Verdi кәсіподағы әуежай қызметкерлерінің жалақысын 8%-ға (айына кемінде 350 евроға) көтеруді, сондай-ақ сыйақылардың мөлшерін ұлғайтуды және қосымша демалыс күндер қарастыруды талап етті. Әзірге, жұмыс берушілер бұл талаптарды қабылдамады.
Бұған дейін Ұлыбритания маңында танкер мен жүк кемесі соқтығысып, алапат өрт болғанын, 30-дан аса адам зардап шеккенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:59, 8 маусым 2026
Жерге күшті магниттік дауыл келе жатыр
-
09:48, 8 маусым 2026
Иран әуе кеңістігінің бір бөлігін жауып, барлық қызметтерді толық дайындық режиміне көшірді
-
10:41, 5 маусым 2026
«Сіз оны тоқтата аласыз»: Зеленский Путинге хат жолдады
-
19:34, 4 маусым 2026
Израиль мен Ливан арасындағы бітім жарияланғаннан кейін мұнай бағасы төмендеді
-
19:53, 1 маусым 2026
Иран келіссөздерді тоқтатып, АҚШ-қа ультиматум қойды





