Францияда ойын алаңынан ерекше жерленген қаңқа табылды
© Сурет: theguardian
Францияның Дижон қаласында ойын алаңынан адам қаңқасы табылды. Қаңқа дөңгелек шұңқырдың ішінде тік отырған күйде болып, сыртқа "қарап тұрғандай" көрінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ерекше олжаны бастауыш сынып оқушылары байқап қалған. Оқиға туралы The Guardian басылымы жазды.
Мәліметке сәйкес, Жозефина Бейкер атындағы бастауыш мектеп маңынан табылған қаңқа жақсы сақталған. Ол шамамен ені бір метр болатын шұңқырға орналастырылған. Қаңқаның қолдары тізесінің үстіне қойылған, ал арқасы шұңқырдың шығыс қабырғасына сүйеліп тұрған.
Сурет: theguardian
Ғалымдардың айтуынша, бұл Дижон қаласында табылған осындай бірнеше жерлеу орындарының бірі. Бұған дейін де бұл өңірде адамдарды батысқа қаратып, отырған күйде жерлеген жағдайлар кездескен.
Бұған дейін Альпі тауларынан 2000 жыл бойы жасырын жатқан ерекше құрылыс табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:54, 15 мамыр 2026
Анталья әуежайы жеке трансферлерге арналған тәртіпті өзгертті
-
11:35, 15 мамыр 2026
Чехиядағы шіркеуден ортағасырлық әулиенің бас сүйегі ұрланды
-
10:34, 15 мамыр 2026
Өзбекстан алғашқы ғарышкерін іздестіріп жатыр
-
10:27, 15 мамыр 2026
Үндістанда болған алапат дауыл әлеуметтік желіні шулатты
-
10:16, 15 мамыр 2026
Кипрде демалыста жүрген әйелдің баласын ұрлап кеткен





