Әуе шабуылдарынан кейін Иранда көпқабатты тұрғын үй құлап, 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты
© Сурет: X/IRIran_official
Израиль әуе күштерінің Иранның Шахид Чамран қаласына жасаған шабуылы кезінде 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуеден жасалған соққылардың бірі 14 қабатты тұрғын үй кешенін де қамтыды.
Иран мемлекеттік IRIB телеарнасының хабарлауынша, Израильдің шабуылынан кейін 14 қабатты ғимарат құлады.
"Оқиға орнында 20 бала қаза тапты, олардың 10-ы әлі үйінділер астынан алынбады. Қаза тапқандар арасында алты және тоғыз айлық сәбилер де бар", делінген ақпаратта.
Айта кетсек, 2025 жылдың 13 маусымында таңертең Израиль "Арыстандар ұлты" операциясы аясында Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымдарына әуеден соққы жасады. Шабуыл кезінде Иран революциясының күзетшілер корпусының (КСИР) Бас штабының бастығы Хоссейн Салами мен Ислам университетінің президенті Азад Мұхаммед Техранчи қаза тапты.
Иран Израиль астанасына қарсы соққы берді. Израильдік БАҚ кем дегенде жеті ирандық баллистикалық зымыран Тель-Авивке қарай бағытталғанын айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 16 қыркүйек 2026
Ұшқыш болып киініп, қашып кеткен: есірткі тасымалдаушы халықаралық іздеуге жарияланды
-
10:34, 16 қыркүйек 2026
Піспенан қорабындағы құпия: әйел 50 жыл сақталған 68 млн теңгелік алтынды тапты
-
10:11, 16 қыркүйек 2026
Қытайда роботтар роботтар өндіре бастады
-
20:30, 15 қыркүйек 2026
Әйел Tinder арқылы «киллер» жалдап, бұрынғы сүйіктісін өлтіруге тапсырыс берген
-
14:41, 13 қыркүйек 2026
«Газадағы сойқан»: Венеция кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды





