Әуе апатынан ұшқыш пен оның екі қызы ғажап түрде аман қалды

© Сурет: pixabay
АҚШ-та 38 жастағы ұшқыш пен оның екі қызы Piper PA-12 Super Cruiser ұшағында апатқа ұшырады. Борт Аляскадағы Тустумена мұзды көліне құлады. Аман қалған ер адам мен екі қыз құтқарушылар келгенге дейін әуе кемесінің қанатында 12 сағат отыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
New York Post жазуынша, Аляска Ұлттық гвардиясының тікұшағы зардап шеккендерді жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. Құтқарушылар олардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтқан.
"Ер адамды аздап үсік шалған. Қыздардың жолы болып, киімдері құрғақ қалған. Жағдай бұдан да нашар болуы мүмкін еді",- деді подполковник Брендон Холбрук, 207-ші авиация полкінің командирі.
Апатқа ұшыраған ұшақты ұшқыш Терри Годесу тапты. Ер адам тек ұшақтың сынықтарын табамын деп ойлаған, алайда тірі қалған отбасыны көргенде таң қалған.
Бұған дейін Иранда хиджаб кимеген әйелді қамшының астына алып, оған қоса оны 18 айға түрмеге қамағандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:16, 28 сәуір 2025
Жарықсыз қалған Мадрид билігі әскер көмегіне жүгінуде
-
20:44, 28 сәуір 2025
Бүкіл Еуропа жарықсыз қалып, у-шу болып жатыр
-
16:03, 28 сәуір 2025
Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады
-
13:59, 28 сәуір 2025
Украинаның бұрынғы президентіне жаңа үкім кесілді
-
12:57, 28 сәуір 2025
Сауалнама: Трампты қолдау рейтингі соңғы 70 жылда болмаған ең төмен деңгейге түсті