Дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесі – Жапонияда жаһандық оқиға басталды
© Сурет: "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
Осака қаласында 158 ел мен 9 халықаралық ұйымды біріктірген ауқымды халықаралық оқиға – Дүниежүзілік EXPO 2025 көрмесі басталды. Көрме 2025 жылғы 13 сәуір мен 13 қазан аралығында өтеді. Іс-шараны өткізу үшін жасанды Юмешима аралы таңдалды.
Көрменің басты тақырыбы — "Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру". Ол үш бағыт арқылы ашылады: "Өмірді құтқару", "Мүмкіндіктерді кеңейту" және "Өмірді біріктіру".
Көрменің ресми рәсіміне Жапония императоры Нарухито мен премьер-министр Сигэру Исиба қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев басқарды.
Ұлттық павильон Оңтүстік Корея, Германия, Люксембург, Непал, Әзірбайжан, Иран, Монако және Түркия сияқты елдердің павильондарына жақын орналасқан "Өмірді біріктіру" тақырыптық кластерінде орын алды.

Сурет: "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
EXPO 2025 көрмесіндегі Қазақстан павильоны – бұл цифрлық ғалам, онда жаңа технологиялар елдің мәдениеті, тарихы мен болашағына жолдама болады. Шаңырақ символына негізделген тұжырымдама интерактивті аймақтарды біріктіреді: көп қырлы мұраны ашатын 3D мэппингтен бастап, келушілердің жүздері біртұтас визуалды кенепке біріктірілген иммерсивті проекциялық шоуға дейін. Экспозицияның әрбір элементі – Қазақстанның экология, туризм, инновация және тұрақты даму саласындағы әлеуетін зерттеуге тартатын қонақпен диалог іспеттес.
Елдің инвестициялық және экономикалық әлеуетін көрсетуге ерекше назар аударылды: негізгі салалар, табиғи ресурстар, туристік және инновациялық әлеует, сондай-ақ "жасыл" энергетика және тұрақты даму саласындағы жетістіктер ұсынылды. Павильон диалог, мәдени алмасу және жаһандық деңгейде жаңа серіктестіктер орнату үшін заманауи алаңға айналуға арналған.

Сурет: "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
Сондай-ақ павильонда Қазақстанда жасалған серпінді медициналық шешім — "Heart Center Foundation" қоры әзірлеген "ALEM" (Astana life Ex-situ Machine) құрылғысы ұсынылды. Бұл инновациялық даму донорлық органдардың денеден тыс өміршеңдігін сақтауға, оларға диагностика өткізуге және емдеуге, соның ішінде онкологиялық ауруларға да, сонымен қатар ампутацияланған ағзаны реплантацияға дейін сақтауға мүмкіндік береді.
Қазақ халқының дәстүрі мен қонақжайлылық мәдениетіне сай ашылу күні павильонымызда ұлттық тағамдар ұсынылды.
EXPO көрмелері жетістіктерді ұсыну мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар халықаралық байланыстарды нығайту, экономикалық және мәдени диалогты дамыту үшін маңызды алаң болып табылады.
Серіктес материалы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:35, 29 сәуір 2025
Түрікменстанда ақалтекенің атбегісі ел президентінен тарту алды
-
10:26, 29 сәуір 2025
Мишель Обама Трамп әкімшілігінің иммиграциялық саясатын сынға алды
-
10:19, 29 сәуір 2025
Путин мигранттарды заңдастыру мерзімін ұзартты
-
22:16, 28 сәуір 2025
Жарықсыз қалған Мадрид билігі әскер көмегіне жүгінуде
-
20:44, 28 сәуір 2025
Бүкіл Еуропа жарықсыз қалып, у-шу болып жатыр
Танымал жаңалықтар
-
16:03, 29 сәуір 2025
-
16:45, 29 сәуір 2025
-
15:47, 29 сәуір 2025
-
16:22, 29 сәуір 2025
-
16:59, 29 сәуір 2025
-
18:08, 29 сәуір 2025
-
22:43, 29 сәуір 2025
-
15:38, 29 сәуір 2025
-
19:31, 29 сәуір 2025
-
19:42, 29 сәуір 2025
-
20:10, 29 сәуір 2025
-
19:17, 29 сәуір 2025
-
15:44, 29 сәуір 2025
-
19:05, 29 сәуір 2025
-
17:29, 29 сәуір 2025