Семсерлесуден ӘЧ-2025: Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді
© Сурет: olympic.kz
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола медалі үшін таласады. Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде спортшыларымыз командалық сынның жартылай финалына дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония құрамасына есе жіберді.
Кездесу 42:41 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды. Айта кетерлігі, отандастарымыз жекпе-жектің соңына дейін басымдыққа ие болғанымен, жапониялықтар есепті теңестіріп, соңында жеңісті жұлып алды.
Осылайша қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алған Қазақстан құрамасы Франциямен бетпе-бет келді. Семсерлесу ұлттық спорты болып табылатын француздарды біздкілер 45:31 есебімен ойысырата ұтты. Қола медаль - Қазақстан құрамасының қанжығысында.
Бұған дейін 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшыдан допинг табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:33, 16 қыркүйек 2026
«Барыс» құрамасы ҚХЛ маусымындағы алғашқы сырт алаңдағы турына аттанды
-
23:10, 15 қыркүйек 2026
Қазақстандық гимнастар Венгрияда өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысады
-
22:43, 15 қыркүйек 2026
Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ
-
22:01, 15 қыркүйек 2026
Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогында топ жарды
-
20:58, 15 қыркүйек 2026
Астанада шорт-тректен Қазақстан іріктеу чемпионаты басталды





