Садақ атудан ӘЧ-2025: Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді
© Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы садақ атудан Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Әйелдер құрамасы командалық сында блоктық садақ атудан үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қола үшін өткен матчта қазақстандықтар Ұлыбритания құрамасын 232:229 есебімен жеңді. Ел намысын Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова қорғады, деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет әлем чемпионатында медаль жеңіп алды. Бұған дейін, 1993 жылы классикалық садақ атудан Яна Туниянц үшінші орынға ие болған еді.
Сонымен қатар біздің құрама жабық кешендегі әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетіп, әйелдер арасындағы командалық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы садақ атудан Сингапурдегі Азия кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:59, 12 мамыр 2026
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран-при турниріне қатысады
-
16:56, 11 мамыр 2026
Қазақстан құрамасы садақ атудан Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
15:24, 11 мамыр 2026
Астанадағы Grand Slam турнирі: Камила Берліқаш күміс жүлдегер атанды
-
10:26, 11 мамыр 2026
«Барселона» құрамасы «Реал Мадридті» жеңіп, мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды
-
17:09, 10 мамыр 2026
Дзюдошы Айдар Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды





