Рыбакина әлемдік теннистің жаңа құрылымына ресми түрде кірді
© Сурет: Instagram/LenaRybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирлерінің жаңа Ойыншылардың консультативтік кеңесінің (Grand Slam Player Advisory Council) құрамына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz ақпаратына сәйкес, кеңесті "Үлкен дулыға" санатындағы төрт турнирдің — Australian Open, "Ролан Гаррос", Уимблдон және US Open ұйымдастырушылары құрған. Оның негізгі міндеті — ойыншылар мен турнир басшылығы арасында тікелей байланыс орнатып, жарыстарды өткізуге қатысты маңызды мәселелерді талқылау.
Кеңес құрамына 12 теннисші кірді – ATP және WTA атынан алты ойыншыдан.
Рыбакинадан бөлек, әйелдер арасындағы кеңеске әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко, америкалық Джессика Пегула, украиналық Элина Свитолина, грекиялық Мария Саккари және америкалық Ива Йович кірді.
Ерлер құрамында серб Новак Джокович, германиялық Александр Зверев, америкалық Бен Шелтон, канадалық Феликс Оже-Альяссим, италиялық Лоренцо Музетти және француз Артур Риндеркнех бар.
Кеңесте талқыланатын негізгі мәселелер қатарында теннис маусымының күнтізбесі, медициналық қамтамасыз ету, ойыншылардың әл-ауқаты, сондай-ақ "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі кірістер мен жүлде қорының бөлінуі бар.
Кеңес құрамына Карлос Алькарас, Янник Синнер және Коко Гауфф секілді танымал теннисшілер енбеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:22, 29 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Кристина Овчинникова биіктікке секіруден күміс медаль иеленді
-
17:20, 29 қыркүйек 2026
Кураштан Арайлым Шегенова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
-
13:00, 29 қыркүйек 2026
Жапониядағы Азия ойындарында Өзбекстанның тағы бір спортшысы допинг-тесттен өте алмады
-
19:24, 28 қыркүйек 2026
Қазақстандық қос жеңіл атлет Азия ойындарының үздік ондығына енді
-
17:15, 28 қыркүйек 2026
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия ойындарында күміс медаль иеленді





