Рыбакина, Бублик және Шевченко беделді жарыстардың ширек финалдарына жолдама алды
© Сурет: ktf.kz
Әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 88-орындағы канадалық, 18 жастағы Виктория Мбоконы қапы қалдырды. Матч 6:3, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді.Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Френх немесе кортқа жуырда қайта оралған 45 жастағы атақты америкалық Винус Уильямстің қай жеңгенімен ойнайды.
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко Кицбюель (Аустрия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Әлемнің 30-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы Александр Бублик екінші айналымда рейтингіде 130-орындағы аргентиналық Тьяго Агустин Тирантенің мысын басты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Бублик 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Рейтингіде 110-сатыдағы Александр Шевченко екінші кездесуін әлемнің 91-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен өткізді. Мұнда 7:5, 6:4 есебі тіркелді. Енді қос қазақстандық теннисші ширек финалда өзара кездеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 17 мамыр 2026
Билли Джин Кинг кубогінде қазақстандық жасөспірім қыздар соңғы матчта жеңісті жұлып алды
-
18:19, 16 мамыр 2026
Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында сегіз алтын медаль жеңіп алды
-
13:17, 16 мамыр 2026
Сапында Molodoy өнер көрсеткен команда ширек финалда жеңіліп қалды
-
22:11, 15 мамыр 2026
Семсерлесуден Швейцариядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құрама тізімі
-
21:12, 15 мамыр 2026
Зілтемірші Петр Хребтов 2026 жылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды





