Лионель Месси бір матчқа ойыннан шеттетілді
© Сурет: Facebook/leomessi
"Интер Майами" командасының көшбасшысы Лионель Месси бір матчқа ойыннан шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Лига сайтының хабарлауынша, бұл шешім футболшының 23 шілдеде MLS Жұлдыздарының матчына келмей қалуына байланысты қабылданған. Месси Жорди Альба да дәл осындай жазаға ұшырады.
MLS ережелеріне сәйкес, медициналық емес басқа себептермен Жұлдыздар матчына қатысудан бас тартқан футболшылар бір ойыннан шеттетіледі. Месси мен Альба шаршағандықтан аталған кездесуге келмеген.
Енді олар MLS тұрақты матчы аясында жексенбіде өтетін "Цинциннатилерге" қарсы ойын өрнегін көрсете алмайды.
"Мен Мессидің "Интер Майамиге" деген адалдығына кәміл сенімдімін және оның шешімін құрметтеймін. Өкінішке орай, бізде Жұлдыздар ойынына қатысты бұрыннан келе жатқан ережелер бар және оларды қолдануға тура келді. Бұл қабылданған өте қиын шешім болды", - деді MLS комиссары Дон Гарбер.
Месси MLS тарихында қатарынан бес ойында дубль жасаған алғашқы футболшы атанғаны белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:27, 23 маусым 2026
Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:14, 22 маусым 2026
Қазақстан алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
-
16:56, 22 маусым 2026
Қазақстан футбол құрамасында күтпеген өзгеріс: бас бапкер отставкаға кетті
-
22:44, 21 маусым 2026
Әртістік жүзу: Виктор Друзин мен Наргиза Болатова әлем кубогы суперфиналының қола жүлдегерлері атанды
-
21:05, 21 маусым 2026
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатындағы екінші медалін жеңіп алды





