Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды
© Сурет: Instagram/sabahfc
Қазақстан құрамасының қақпашысы, Әзербайжанның "Сабах" футбол клубының капитаны Стас Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы даттың "Орхус" командасына қарсы қарымта матчта қақпасын голдан қорғап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық қақпашының сенімді ойыны "Сабахқа" өз алаңында қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.
Матчтың бірінші таймында "Сабах" ойыншылары датиялық команданың қақпасына гол соға алмады. "Орхус" футболшылары қорғанысты мығым ұстап, қарсыласына мүмкіндік бермеді.
Алайда үзілістен кейін Стас Покатиловтың командасы шабуылды күшейтті. Көп ұзамай "Орхус" қорғанысы сыр беріп, датиялық клуб қақпасына төрт гол соғылды.
Жеңімпаздар сапынан Велко Шимич, Ксандер Северина, Стив Сольве және Джой-Ланс Микелс гол авторы атанды.
Бір апта бұрын "Сабах" сырт алаңда "Орхусқа" 1:2 есебімен жеңілген еді. Алайда қарымта кездесуде әзербайжандық клуб қарсыласынан басым түсіп, алғашқы матчтағы жеңілістің есесін еселеп қайтарды.
Екі матчтың қорытындысы бойынша Валдас Дамбраускастың шәкірттері УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл кезеңде олар Израильдің "Хапоэль Беэр-Шева" командасымен кездеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:10, 3 қыркүйек 2026
Дастан Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды
-
22:42, 2 қыркүйек 2026
Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады
-
22:36, 2 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты
-
19:38, 2 қыркүйек 2026
Тас жолдағы велоспорттан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды
-
18:33, 2 қыркүйек 2026
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында - тағы бір қола және бір күміс медаль





