Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен Азия ойындарының қола медалі үшін күреседі
© Сурет: olympic.kz
13 ақпанда Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда отандастарымыз Оңтүстік Кореямен кездесті. Ойын толық 6 эндке созылды. Нәтижесінде оңтүстіккореялық спортшылар 2-10 есебімен жеңіске жетті.
Ұлттық құрама 14 ақпанда Астана уақытымен сағат 10:00-де қола медаль үшін сынға түседі.
Ал ерлер құрамасы А тобының соңғы ойынында Гонконгпен кездесті. Матч қорытындысы бойынша қарсылас команда 5:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 2 сәуір 2026
Ушу бойынша тарихи жеңіске жеткен Қазақстан құрамасын Алматыда қарсы алды
-
20:48, 1 сәуір 2026
Көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды
-
22:19, 31 наурыз 2026
Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының чемпионы атанды
-
19:20, 31 наурыз 2026
Александр Шевченко Бухаресттегі ATP 250 турнирін жеңіспен бастады
-
18:22, 31 наурыз 2026
Римма Волосенко бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына шыға алмады





