Қазақстан Астанада өткен семсерлесуден Әлем кубогында жартылай финалға шықты
© Сурет: olympic.kz
Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалда біздің құрама АҚШ командасынан 45:40 есебімен басым түсті.
Турнир барысында Вадим Шарлаимов, Эльмир Алимжанов, Никита Жулинский және Александр Федотов Австралияны (45:35) және Польшаны (42:41) жеңді.
Жартылай финалда Қазақстан Франция құрамасымен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін Руслан Құрбанов Астанада өткен Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алғанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:50, 25 мамыр 2026
Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі жарыс жолын бастайды
-
22:25, 24 мамыр 2026
Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы алты медаль жеңіп алды
-
19:10, 24 мамыр 2026
Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды
-
17:15, 24 мамыр 2026
Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді
-
16:37, 24 мамыр 2026
Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды





