Головкин-Джейкобс арасындағы жекпе-жекке билеттер сатылымы 24 желтоқсан күні басталады

09:20, 21 желтоқсан 2016

WBA, IBO, WBC және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA тұрақты чемпионы белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс айқасына билеттердің сатылымға шығатын күні жарияланды.

18 наурыз сенбі күні кешке өтетін боксқа билеттер сатылымы 24 желтоқсан күні басталады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бір орынның ең төменгі бағасы 100 долларды құрайды. Ал қымбат билет құны 1 000 долларға жетеді. Билеттерді Madison Square Garden кассаларында, сондай-ақ Ticketmaster.com сайтында сатып алуға болады. 

Жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы тікелей көрсетілім арқылы көрермендердің назарына ұсынады. Көрермен тікелей көрсетілім үшін 54,95 доллар төлеуі қажет. 

Айта кетейік, Madison Square Garden 17-18 мың адамға арналған. Бокс болған уақытта аренаға 20 мыңға дейін адам сыяды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!