Бубликтің Australian Open-2026 турниріндегі нәтижесі қандай болмақ
© Сурет: instagram/hkto.mens
Ертең, 21 қаңтарда Аустралия ашық чемпионатының төртінші ойын күні өтеді. Бұл күні Қазақстанның үш өкілі кортқа шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық жанкүйерлер осы кездесулердің бірінде Александр Бубликтің жеңісін күтері сөзсіз. Алдыңғы жылдары үшінші кезеңге шыға алмай келген Бублик осы жолы сәтсіз сериясын үзіп, өз мүмкіндігін көрсетуге тырысады.
Ол ертең 33 жастағы венгриялық Мартон Фучовичпен (ATP-де №55) кездеседі.
Бублик пен Фучович матчы "Киа Аренада" өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 08:30-да басталады.
Матчқа дейін Бубликтің турнирдегі әлеуетін талқылауға болады. Жекелей сындағы оның ширек финалға дейінгі қарсыластары аса қорқынышты емес. Егер ол төртінші айналымға жетсе, онда жарыстың алтыншы ракеткасы болып тіркелген Алекс де Минормен (Аустралия) кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Сонымен қатар Буббһлик Аустралия ашық турнирінің төртінші айналымына шықса, көлемді сыйақы және әлемдік рейтингіде тоғызыншы орынға шығады.
Егер Бублик AusOpen-2026 турнирінде ширек финалға жетсе, онда әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы ойнауы мүмкін.
Әрине, ATP-де бірінші нөмірлі теннисшіні жеңу оңай емес, бірақ қазақстандық спортшы алдыңғы маусымда азулы қарсыластарын жеңген тәжірибесі бар.
Сонымен қатар 21 қаңтарда Юлия Путинцева мен Александр Шевченко да өнер көрсетеді, олардың қарсыластары да осал емес.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:40, 22 қыркүйек 2026
Қазақстандық гимнастар Азиада-2026 ойындарындағы жарысын аяқтады
-
18:10, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді
-
17:05, 22 қыркүйек 2026
Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасы жүзуден жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
13:59, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстанның медальдар қоржыны сегіз жүлдеге жетті
-
21:56, 21 қыркүйек 2026
Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 22 қыркүйектегі жарыс кестесі





