Байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты: Қазақстан өкілі жетінші орын алды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының өкілі Сергей Емельянов байдарка мен каноэде есуден Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы бірлік-каноэде 200 метрлік қашықтықтың шешуші жарысына жолдама алған еді.
Финалда Сергей Емельянов 42.06 секунд нәтижесімен мәреге жетіп, жетінші орынға тұрақтады.
Алтын медальді 40.95 секунд көрсеткішімен Польша өкілі Алексей Колядич жеңіп алды. Екінші орынды 41.05 секунд нәтижесімен өзбекстандық Артур Гулиев иеленсе, үздік үштікті 41.15 секунд көрсеткішімен Беларусь спортшысы Андрей Жолобов түйіндеді.
Айта кетейік, ертең, 29 тамызда Қазақстан спортшылары қатысатын тағы екі финал өтеді. Мария Бровкова бірлік-каноэде 500 метрлік қашықтықта жүлде үшін таласқа түседі. Ал екілік-каноэде 200 метрлік жарыстың финалында Мария Бровкова мен Ульяна Киселева өнер көрсетеді.
Бұған дейін суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жеткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:59, 30 тамыз 2026
Қазақстан байдарка мен каноэде ескек есуден Польшадағы әлем чемпионатында тоғызыншы орын алды
-
10:01, 30 тамыз 2026
«Бернли» бас бапкері Сәтбаевты командаға үлгі етті
-
09:01, 30 тамыз 2026
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды
-
19:08, 29 тамыз 2026
Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді
-
18:54, 29 тамыз 2026
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирінің финалына шықты





