Мемлекет басшысы АҚШ-тың Сауда министрімен кездесті
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Америка Құрама Штаттарымен ықпалдастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. АҚШ еліміздің негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі саналады.
Президент Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Мемлекет басшысы елімізде америкалық бизнес үшін энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы салаларында үлкен мүмкіндік бар екенін жеткізді.
Говард Латник Құрама Штаттардың Қазақстанмен сауда-экономикалық, индустриалдық, көлік-логистикалық және инвестициялық салаларда бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға қызығушылық танытатынына тоқталды.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Лютниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард долларға жуық келісімге қол қою рәсімі өткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 12 маусым 2026
Ақордада Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланды
-
14:49, 3 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
17:01, 1 маусым 2026
Тоқаев Джон Лимен кездесу өткізді
-
19:21, 29 мамыр 2026
Тоқаев Кубаның вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті
-
17:02, 29 мамыр 2026
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты





