Жол үстіндегі төбелес, көліктің әйнегін шағу: Астанада жарнама «қаһармандары» жазаланды
© Сурет: pixabay
Елорда полициясының қызметкерлері әлеуметтік желіде Toyota мен Kia автокөліктері жүргізушілерінің жол үстінде жанжалдасқан видеосын анықтады. Ұртоқпақты (бита) қолдану салдарынан Kia көлігінің алдыңғы әйнегі шытынап кетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіп сақшылары анықтағандай, оқиға Instagram-ға жарнамалық мақсатта салу үшін жасалыпты.
"Жасалған құқық бұзушылықтар үшін олар маневр жасау ережелерін бұзғаны, көлік құралдарын тіркеу белгілерінсіз тізгіндегені және көлік жүруге болмайтынын жерде шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі көлік те тәркіленіп, арнайы автотұраққа орналастырылды", - деді полициядағылар.
Оқиға "қаһармандарына" қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа қарау үшін жолданды.
Бұған дейін Алматы маңындағы жол апаты салдарынан бір отбасы мүшелері қаза тапқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:07, 17 сәуір 2026
Қазақстанда жұмыспен қамту жүйесі жаңартылуда
-
13:59, 17 сәуір 2026
Алматыда азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды
-
13:45, 17 сәуір 2026
Алматыда интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
-
13:28, 17 сәуір 2026
FlyArystan БАӘ ірі қаласына рейстерін тоқтатты
-
13:11, 17 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен келді





