«Жарылыс болу қаупі туындаған»: Ақмола облысында түтіндеп жатқан пәтердің иесі құтқарылды
© Сурет: freepik
Ақмола облысындағы Шортанды ауданында құтқарушылар газдағы ақауға байланысты жарылыс болуы ықтимал пәтерде қалып кеткен әйел адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы Шортанды ауданында төтеншеліктер екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің біріндегі түтін шығып жатқан пәтер туралы келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнына аттанды.
Оқиға орнына келген құтқарушылар пәтердің сыртқы есігін бұзып ашып, ішке кірді. Ашық от анықталған жоқ. Сорғының істен шығуы салдарынан пеш қызып, қайнап, жарылыс қаупі туындаған, бу бөлмеге қарқынды түрде тараған.
Өрт сөндірушілер 1977 жылғы әйел адамды құтқарып, оны жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды. Сонымен қатар пәтер ішінен газ баллоны шығарылды.
Өрт жағдайлары туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу ескертіледі.
Бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі бала құтқарылғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:00, 8 ақпан 2026
Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды
-
09:46, 8 ақпан 2026
Жексенбіде Астана мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды
-
09:01, 8 ақпан 2026
Қазақстандық конькимен жүгірушілер 2026 жылғы Олимпиадада үздік ондыққа енді
-
21:21, 7 ақпан 2026
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды
-
19:31, 7 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында сынға түсті





