Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен қанша ғимарат пен жеке тұрғын үйге зақым келді
© Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 28 наурызда Жамбыл облысы аумағында екі жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінен кейін қанша ғимарат пен тұрғын үйге зақым келгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ТЖМ командалық орталығында және облыс ТЖД базасында жедел штаб құрылды, қауырт желі телефоны жұмыс істеп тұр.
Комиссия Меркі ауданында және Т. Рысқұлов аудандарында әлеуметтік нысандардың 11 ғимараты мен 12 жеке тұрғын үйде жарықтар пайда болғанын анықтады.
Арнайы комиссия одан әрі жұмысын жалғастырып жатыр. Жазатайым оқиғалар мен зардап шеккендер жоқ.
"Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мүмкін ықтимал салдарға әрекет етуге толық дайындықта. Сонымен қатар, кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар таралып жатқаны байқалады. Баршаңызды жалған мәліметтерді таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенім артуға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Еске салайық, бүгін, 28 наурыз күні күндіз Жамбыл облысында жер сілкінді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:43, 1 сәуір 2025
Ыстамбұл әуежайында тегін Wi-Fi орнатылды
-
14:36, 1 сәуір 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Словения кәсіпкерлеріне ұсыныс жасады
-
14:36, 1 сәуір 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты
-
14:20, 1 сәуір 2025
Жаңа алаяқтық схема: жоғары жалақы ұсынатын жаңа сайт пайда болды
-
14:04, 1 сәуір 2025
Bloomberg басшыларының бірі, оның әйелі мен қызы өлі табылды
Танымал жаңалықтар
-
15:31, 31 наурыз 2025
-
17:33, 31 наурыз 2025
-
18:37, 31 наурыз 2025
-
16:32, 31 наурыз 2025
-
15:52, 31 наурыз 2025
-
15:44, 31 наурыз 2025
-
16:53, 31 наурыз 2025
-
15:09, 31 наурыз 2025
-
16:17, 31 наурыз 2025
-
21:58, 31 наурыз 2025
-
20:41, 31 наурыз 2025
-
16:25, 31 наурыз 2025
-
17:32, 31 наурыз 2025
-
17:10, 31 наурыз 2025
-
16:04, 31 наурыз 2025