Жамбыл облысында полицейлер 500-ден астам көші-қон заңнамасын бұзу дерегін анықтады
© Фото: Zakon.kz
11-14 наурызы аралығында көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында "Заңсыз келуші" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Полиция қызметкерлері шетелдіктер тұратын мекенжайларды, құрылыс нысандарын, базарларды және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын ұйымдарды тексерді.
Рейдтің төрт күнінде Жамбыл облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 505 дерегі анықталып, 395 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктерді рұқсат құжаттарын алмай жұмысқа тартумен байланысты бұзушылықтың 179 дерегі анықталды.
Мысалы Талас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен Тамды ауылындағы зауытты тексеру кезінде заңсыз жұмыс істейтін көрші мемлекеттің 59 азаматы анықталды. Сондай-ақ Сарысу ауданындағы зауытта рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген тағы 5 шетелдік анықталды.
Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдіктер мен олардың жұмыс берушілері жауапқа тартылды. Рейдтік іс-шаралар барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 28 жұмыс беруші жауапқа тартылды.
Сондай-ақ 94 шетелдікке заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасы аумағынан кетпегені үшін, сондай-ақ заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғаны үшін тағы 117 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар іздеуде жүрген 4 шетелдік қылмыскер ұсталды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 147 шетелдік азамат елден шығарылды. Көші-қон заңнамасының бұзылуының алдын алу және анықтау жұмыстары жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 18 наурыз 2025
Ақтөбеде интернет-алаяқтықпен айналысқан БҚО тұрғындары ұсталды
-
19:51, 18 наурыз 2025
Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам қылмыс үстінде ұсталды
-
19:46, 18 наурыз 2025
Түркістан облысында екі тұрғын кәмелетке толмағандардың порновидеосын сатумен айналысқан
-
19:46, 18 наурыз 2025
Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың порновидеосын сатумен айналысқан екі тұрғын ұсталды
-
19:31, 18 наурыз 2025
Алматыда 16 жастағы мопедші жол апатынан ауыр жарақат алды
Танымал жаңалықтар
-
22:55, 17 наурыз 2025
-
22:48, 17 наурыз 2025
-
21:28, 17 наурыз 2025
-
20:58, 17 наурыз 2025
-
21:14, 17 наурыз 2025
-
09:48, 18 наурыз 2025
-
09:02, 18 наурыз 2025
-
20:46, 17 наурыз 2025
-
21:22, 17 наурыз 2025
-
21:07, 17 наурыз 2025
-
09:39, 18 наурыз 2025
-
10:07, 18 наурыз 2025
-
09:25, 18 наурыз 2025
-
12:03, 18 наурыз 2025
-
11:50, 18 наурыз 2025