Венгрияда балалы әйелдерге салынатын салық жойылады

09:25, 18 наурыз 2025

© Сурет: pixabay

Венгрияда балалы әйелдер үшін табыс салығы алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір баласы бар әйелдер 30 жасқа толғанша табыс салығын төлемейді, ал екі және одан да көп балалы аналар өмір бойына салықтан босатылады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Виктор Орбан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.