Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді
© Фото: Zakon.kz
АҚШ 3 тамыздан бастап туристік және іскерлік визаларды (B-1/B-2) рәсімдейтін 50 ел азаматтары үшін тұрақты визалық кепілдік енгізеді. Кепілдік мөлшері 20 мың долларға дейін жетуі мүмкін және оны консулдық қызметкер әр жағдайға жеке қарай отырып анықтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізімге Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Алжир, Ангола, Бангладеш, Камбоджа, Моңғолия, Непал, Тунис, Уганда, Венесуэла, Зимбабве және басқа да бірқатар мемлекеттер енді. Бұл тізімде Қазақстан жоқ.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің түсіндіруінше, бұл шара визалық талаптарды бұзу жағдайларын азайтуға бағытталған. Егер виза иесі АҚШ аумағынан белгіленген мерзімде шығып кетсе, визаны пайдаланбаса немесе елге кіргізілмесе, кепілдік сомасы қайтарылады. Ал егер адам болу шарттарын бұзса, енгізілген қаражат мемлекет есебінде қалады.
Бұған дейін бұл бағдарлама сынақ режимінде жұмыс істеп, кепілдік көлемі 5 мыңнан 15 мың долларға дейін болған. Енді ең төменгі шек алынып тасталып, ең жоғары сома 20 мың долларға дейін ұлғайтылды.
АҚШ билігінің мәліметінше, пилоттық жоба іске қосылған алғашқы 10 айда визалық режимді бұзудың 50-ден аз жағдайы тіркелген. Ал 2024 қаржы жылында тізімге енген елдер азаматтары тарапынан мұндай 45,5 мыңға жуық заң бұзушылық болған. Сонымен қатар Associated Press агенттігінің дерегіне сәйкес, осы мемлекеттер азаматтарына берілген визалар саны 83%-ға азайған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:40, 2 тамыз 2026
«Қазгидромет» Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады
-
17:26, 1 тамыз 2026
«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды». Еліміз бойынша 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
-
16:49, 1 тамыз 2026
Алматыда есірткіні жасырын орындарға қалдырумен айналысқан 29 жастағы ер адам ұсталды
-
15:40, 1 тамыз 2026
«Мәкең бар!». Полиция танымал әнші мінген көліктің желідегі видеосын назарға алды
-
15:13, 1 тамыз 2026
Қазақстандық шабандоз халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрінді





