Ұшақ апаты: Путин Ресейдің әуе кеңістігінде болған қайғылы оқиғаға байланысты кешірім сұрады
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2024 жылы 28 желтоқсанда РФ президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әңгіме барысында 25 желтоқсанда Қазақстандағы Ақтау қаласының маңында "Әзербайжан әуе желілері" авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды, делінген kremlin.ru сайтында жарияланған ақпаратта.
"Владимир Путин Ресейдің әуе кеңістігінде болған қайғылы оқиғаға байланысты кешірім сұрады және қаза тапқан жандардың отбасыларына тағы да күйзеле отырып, шын жүректен көңіл айтты. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", делінген хабарламада.
Әңгіме барысында әзербайжандық жолаушылар ұшағы Грозный қаласының әуежайына бірнеше рет қонуға әрекет жасағаны атап өтілді.
"Бұл уақытта Грозный, Моздок және Владикавказға Украинаның жауынгерлік ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасап, оған ресейлік әуе қорғанысы тойтарыс беруге тырысты. Ресейдің Тергеу комитеті Қылмыстық кодекстің 263-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады (қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу). Алғашқы тергеу амалдары қолға алынды, азаматтық және әскери мамандардан сұрақ- жауап алынуда. Қазіргі уақытта Әзербайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда жүр, олар Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетінің өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуде. Ресей, Әзербайжан және Қазақстанның бейінді қызметтері Ақтау қаласы маңындағы апат орнында да тығыз өзара әріптестікте іс-қимыл жасауда", делінеді ресми хабарламада.
Айта кетсек, қайғылы оқиға 25 желтоқсанда түсте болды. Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Соңғы ақпарат бойынша, 67 адамның 29-ы аман қалды, 38 жолаушы қаза тапты, олардың ішінде ұшақ экипажы да бар. Ұшақта Қазақстанның алты азаматы болғаны белгілі болды, өкінішке қарай олардың барлығы мерт болды. Апаттың мән-жайын тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. 28 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтау маңында апатқа ұшырап, ауруханаға түскен зардап шегушілерге көмектесу үшін қан тапсыру шарасын қорытындылады. Министрдің айтуынша, екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды. 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті. Кеңесте Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссия мен Бас прокуратураға басқа құзыретті органдармен бірлесіп, ұшақ апатына жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізу міндетін жүктеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:53, 28 желтоқсан 2024
Тоқаев пен Путин ұшақ апаты себептерін анықтауда тараптардың атқарып жатқан жұмыстарын талқылады
-
17:10, 28 желтоқсан 2024
«Тұман, көктайғақ, бұрқасын». Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:22, 28 желтоқсан 2024
Ұшақ апаты: Отандастарымыз қанша литр қан өткізгені белгілі болды
-
16:00, 28 желтоқсан 2024
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
-
15:47, 28 желтоқсан 2024
ДСМ ұшақ апатынан зардап шегіп, ауруханада жатқан алты адам туралы: Жағдайлары тұрақтанды