Ұлыған ит ұйқы бермеді: Павлодарлық тұрғын үй жануары үшін айыппұлға ілінді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Павлодарлық тұрғын түн ұйқысына кедергі келтірген итке қатысты полицияға шағым түсірді. Нәтижесінде ит иесі айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта үру, ластанған кіреберістер мен аулалар – көршіні үй жануарларын дұрыс ұстамағаны үшін жауапкершілікке тартуға себеп.
Мысалы, ер адам полицияға көршісінің иті күн сайын түнде қатты үретінін айтып, оның отбасының ұйықтай алмай жүргенін жеткізген. Тағы бір жағдайда тұрғындар екі күн бойы ұлыған итке байланысты иесіне шағымданған.
"Иттің ұлуы немесе үруі – оның жағдайының дұрыс еместігін білдіруі мүмкін. Мүмкін, иесі ветеринарға көрсетуі керек шығар. Иттің мұндай дауыстары – көмек сұраған белгі болуы мүмкін. Біз бұл мәселені бірлесіп шеше аламыз деп ойладым, бірақ ит иесі біздің өтініштерімізді елемейді және біздің талаптарымызға жауап бермейді, сондықтан мен полицияға хабарластым – деді павлодарлық полицияға.
Полиция ит түнгі уақытта шуласа, бұл "тыныштық туралы заңды" бұзу болып саналатынын айтты. Әрине, үй жануарының өзіне ешқандай талап қойылмайды, бірақ оның иесі жануардың әрекетіне толық жауап береді.
"Ол – жануар, ештеңе түсінбейді" деген сылтаулар заң аясында негізсіз. Егер жануардың әрекеті өзгелерге зиян келтірсе, иесі заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – көршілермен келісіп, ортақ тіл табысу. Егер көршілермен тіл табысу мүмкін болмаса, учаскелік инспекторға жүгінуге болады", – деді Полиция департаменті.
Белгілі болғандай, жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін төрт мыңнан астам павлодарлық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.
Бұған дейін АМӨЗ-дің бұрынғы басшысы Досмұратовтың толықтай ақталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





