Ұлттық ұланда жеке құрам жазғы әскери киім үлгісіне көшті

09:03, 16 сәуір 2025

© Сурет: ҚР ІІМ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланда жеке құрам жазғы әскери киім үлгісіне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған орай ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында жеке құрамның саптық қарауы өтті.

Іс-шара маусымдық киім үлгісіне көшу тәртібін сақтау, сондай-ақ саптық дайындық пен командаларды үйлесімді орындау дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Саптық қарау барысында әскери қызметшілердің сыртқы келбеті мен жеке құжаттары тексерілді, сонымен қатар саптық жаттығуларды орындау машықтары бағаланды.

Әскери қызметшілердің үлгілі сыртқы көрінісі мен тәртібін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, осы күннен бастап өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің әскери қызметшілері де белгіленген талаптар мен үлгілерге сәйкес жазғы әскери киім киюге көшуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!