Уимблдон: Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасымен кездеседі

17:06, 3 шілде 2024

© Фото: zakon.kz

Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда "Үлкен дулыға" жарысының үш дүркін чемпионы, әлемнің экс 1-ракеткасы, қазіргі кезде 221-орында тұрған германиялық, 36 жастағы Анжелика Кербермен бетпе-бет келді.

Путинцева матчты қарқынды бастады – 3:0. Бұдан кейін Кербер есепті теңестіргенімен, қазақстандық спортшы есесін жібермеді – 7:5.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Юлия брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, чехиялық Катержина Синяковамен ойнайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!