«Үйдің тұңғышы, ортаншысы, кенжесі». Ғалымдар баланың туу ретіне қарай өмір жолы айқындалатынын дәлелдеді
© Фото: zakon.kz
Бір отбасындағы балалардың өмір тағдыры әртүрлі болуы мүмкін. Австриялық психолог Альфред Адлер баланың отбасындағы туу реттілігі оның қалыпты әдеттері алдағы өміріне қалай әсер ететінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Kinoafisha басылымының мәліметінше, отбасындағы балалар тту ретіне қарай өмірде мынадай тәжірибелер жинақтайды:
- Үлкен бала (тұңғышы) көбінесе ерте есейеді. Артынан бала дүниеге келгеннен кейін ол "тәртіпті" болуға, сенімділік танытуға және жетістіктері арқылы мадақтауға қол жеткізуге тырысады. Осыдан келіп онда перфекционизм, тәртіпті жақсы көру және бәрін бақылауда ұстауға деген ұмтылыс пайда болады.
- Ортаншы бала келіссөз жүргізуге және томпақ тұстарды айналып өту жолдарын іздеуге үйренеді. Оған үлкен баланың мүддесін ескеріп, кішісімен қатар назарға ілігу үшін бәсекелесуге тура келеді. Мұндай жағдай көбінесе икемділікті, сөйлесе білуді және тығырықтан шығу жолын таба білу қабілетін дамытады.
- Кенже балаға көбірек кеңдік беріледі, қателіктер жасаса кешіріледі. Сондықтан ол батыл және шығармашылыққа икемді болып өсуі мүмкін, бірақ көбінесе басқаларға арқа сүйеп, көмек іздейді. Шамасына қарай жүктелген міндеттер оған өз бетінше шешім қабылдауды үйренуге көмектеседі.
Жалғыз бала көп уақытын ересектердің ортасында өткізеді, олардың сөйлеу мәнері мен тәртіп ережелерін тезірек қабылдап алады. Толыққанды мейірімге бөленгендіктен оған құрдастарымен арадағы қарым-қатынас, әсіресе маңызды.
Бұл айырмашылықтарды түсіну ата-аналарға балаларды салыстырмауға және әрқайсысына жетіспейтін қолдауды көрсетуге көмектеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды
-
18:18, 5 қыркүйек 2026
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
-
18:05, 5 қыркүйек 2026
7-30 қыркүйекте үш облыста әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
-
17:33, 5 қыркүйек 2026
1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
17:01, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады





