ТЖМ қызметкерлеріне төленетін көтерме жәрдемақы: жаңа тізім бекітілді
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 11 қыркүйектегі Үкімет қаулысымен қызмет бабындағы ауыстыру кезінде көтерме жәрдемақы, жолақы шығындарын өтеу және жеке мүлкін тасымалдау құқығы берілетін азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдарының тізімі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тізімге мына қызметкерлер кірді:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Аппараты:
- аппарат басшысы;
- департамент, орталық бастықтары;
- департамент, орталық бастықтарының орынбасарлары;
- дербес басқарма бастығы;
- департамент басқармасы, орталық кезекші бөлімінің бастығы;
- дербес басқарма бастығының орынбасары;
- департамент басқармасы, орталық кезекші бөлімінің бастығының орынбасары.
ТЖМ Өртке қарсы қызмет және Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеттері:
- комитет төрағасы;
- комитет төрағасының орынбасары;
- комитет басқармасы бастығы;
- комитет басқармасы бастығының орынбасары;
- комитеттің дербес бөлімінің бастығы.
ТЖМ аумақтық органдары:
- облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана аумақтық органының бірінші орынбасары;
- облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана аумақтық органының орынбасары;
- облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана аумақтық органының басқарма бастығы;
- қалалық, аудандық (қалалық аудандық) аумақтық органның бастығы;
- қалалық, аудандық (қалалық аудандық) аумақтық орган бастығының орынбасары;
- өрт бөлімі, мамандандырылған өрт бөлімі, өрт посты бастығы.
Қаулы 2025 жылғы 28 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:05, 30 мамыр 2026
Алдияр Рамазанов әртістік жүзуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңінде екінші жүлдесін жеңіп алды
-
19:01, 30 мамыр 2026
Тоқаев Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
17:46, 30 мамыр 2026
Жапонияда Азия қазақтарының ІІІ құрылтайы өтті
-
17:19, 30 мамыр 2026
«Аптап ыстық, бұршақ, тұман». Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 30 мамыр 2026
ДСМ педиатриялық көмектің гибридті моделін енгізуді қарастыруда





