ТЖМ ел азаматтарына ескерту жасады

18:46, 6 қаңтар 2025

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылы 6 қаңтарда қар көшкініне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандардың көпшілігінде қардың биіктігі орташа көпжылдық мәндерге жуық және шамалы жоғары, қар көшкіні жағдайы тұрақты, Қазселденқорғау мамандарының бақылауында.

"ШҚО күрделі қар көшкіні жағдайы қалыптасуда. Бүгінгі күні қардың биіктігі нормадан 25%-ға артық. Кей жерлерде қар жамылғысының максималды биіктігі 120 см. Сонымен қатар қар көшкіні жағдайына ауа температурасының жоғарылауы және қар бұрқасыны әсер етеді", делінген хабарламада.

Министрлік 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі шамамен 6665 м3 болатын 15 профилактикалық қар көшкіні түсірілгенін нақтылады. Тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті. Сондықтан адам шығынын болдырмау, қар көшкінінің астында қалмау үшін тауға баратын әрбір адам таудағы және қар көшкіні кезіндегі негізгі мінез-құлық ережелерін үйренуге міндетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!