Түркия жергілікті электромобильді сатылымға шығарды

10:06, 16 қыркүйек 2025

© Сурет: Х/Togg2022

15 қыркүйекте түркиялық электромобиль өндірушісі Togg өзінің екінші "ақылды" моделі – T10F үшін Түркияда тапсырыс қабылдауды бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның дерегіне сәйкес, 2025 жылы Мюнхенде өткен IAA Mobility көрмесінде жаһан жұртшылығына таныстырылған бұл жаңа үлгі енді Түркияда Trumore цифрлық платформасы арқылы сатып алуға қолжетімді. Модельдің бастапқы бағасы 1 миллион 860 мың лира.