Түркістан облысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 80-ге жуық тұрғын анықталды

14:19, 1 сәуір 2026

© Фото: polisia.kz

Түркістан қаласында патрульдік полиция қызметкерлері облыстық “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Шара барысында полиция қызметкерлері дрон арқылы бақылау жүргізіп, жаяу жүргіншілер жиі шоғырланатын көшелерде кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, белгіленбеген жерден өткен 80-ге жуық азамат анықталды. Мәселен С.Ерубаев көшесінде жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланбаған 25 жастағы тұрғын анықталды.

Жаяу жүргіншіге жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі бойынша әкімшілік шара қабылданды.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын жолда аса мұқият болуға, белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және жеке қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!