Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет – Тоқаев
© Фото: pexels
2025 жылғы 28 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет екенін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бағытта Қазақстан артта қалып барады, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр.
"Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес". Қасым-Жомарт Тоқаев
Ол сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет екенін айтты.
"Туризм саласының инвестициялық әлеуетін күшейтуге арналған кез келген бастамаға қарсы шығатын адамдардың жетегінде кетпеу керек. Маңғыстауда әйгілі Бозжыраға байланысты сондай жағдай болғанын білесіздер. Үкімет пен жергілікті мекеме өкілдері іскерлік ахуалды жақсарту үшін неғұрлым батыл шаралар қабылдауға тиіс. Мен экономикаға инвестиция тарту мәселесін бекерден-бекер басты орынға қойып отырған жоқпын. Мұның да стратегиялық маңызы зор. Экономикамыздың болашағы мен еліміздің әлем картасындағы орны, ең алдымен, осыған байланысты",- деді Тоқаев.
Бұған дейін Қазақстанда Мойынты-Қызылжар жаңа теміржол желісі салынатындығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:24, 30 қаңтар 2025
Ақтаудағы шенеуніктер картоп бағасын бақылауда ұстауда
-
10:17, 30 қаңтар 2025
Сирияда уақытша президент тағайындалды
-
10:04, 30 қаңтар 2025
Әлемнің ең бай адамдары бір күнде 27 миллиард долларға құрдымға кетті
-
09:50, 30 қаңтар 2025
Алматы метрополитенінде уақытша қоршаулар неге орнатылғаны белгілі болды
-
09:42, 30 қаңтар 2025
Егістікке химиялық заттарды қолдану 70% қысқарды