Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

17:02, 9 ақпан 2026

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 9 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі еліміздің маңызды стратегиялық серіктесі саналатынын атап өтті. Қаржы институты Қазақстанда басымдыққа ие инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысады".

Президент бүгін қол қойылған Серіктестік туралы негіздемелік келісімді құптады. Аталған құжаттың орнықты экономикалық дамуды ілгерілету мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда мәні зор. Қасым-Жомарт Тоқаев Цзоу Цзяиді жуырда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті болып тағайындалуымен құттықтады.

– Сіздің осы лауазымдағы сапарыңызды Қазақстаннан бастағаныңызды жоғары бағалаймыз. Бұл екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретін жақсы нышан деп санаймыз. Банкпен бірге жалпы сомасы 2,6 миллиард доллардан асатын 9 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Мұның бәрі өзара ықпалдастығымыз бен байланысымызды жандандыра түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!