Тимофей Скатов пен Александр Шевченко Almaty Open турнирінің ширек финалына шықты

10:02, 15 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

Тимофей Скатов пен Александр Шевченко ATP 250 Almaty Open турниріндегі жұптық сынды сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық жұп бірінші айналымда америкалық Эван Кинг/Риз Сталдер дуэтін 6:1, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. Тимофей мен Александр ширек финалда аргентиналық Гвидо Андреоцци мен үндістандық Шрирамбал Нараянасвамимен немесе аустралиялық Джеймс Дакворт пен Александр Вукичпен ойнайды.

"Тимофеймен жұп болып ойнау әрдайым мүмкін бола бермейді, бірақ Қазақстан теннис федерациясы бізге wild card берді және бірінші айналымда жеңіске жетіп, үмітті ақтағанымызға қуаныштымыз. Біз өте жақсы ойнадық және өте жақсы жұпты жеңдік", - деді Александр Шевченко.

"Әлемдік жұптық рейтингіде Александр екеуміздің орнымыз соншалықты жоғары емес, бірақ мүмкіндік болып жатса, қазақстандық жанкүйерлерді ойынымызбен жиі қуантқымыз келеді. Кейінгі рет Саша екеуіміз жұптық сында 2021 жылы "Фьючерсте" бірге ойнадық, ол кезде бірінші айналымда жеңіліп қалдық. Бұл турнирде жұптық және жеке сында алдыма биік мақсаттар қойып отырмын", - деді Тимофей Скатов.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!