Тәжікстандағы жойқын жер сілкінісінің салдары - фото-бейне ақпараттар

11:36, 14 сәуір 2025

© Сурет: kchs.tj

2025 жылғы 13 сәуірде, жексенбі күні Тәжікстанда бірқатар жер дүмпулері сезілді. Соңғы мәліметтер бойынша, үш жасар бала қайтыс болды. Мұнымен қоса, 94 үй қираған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желі қолданушылары табиғи апаттың салдарын бейнелейтін кадрларды жариялауда.

Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының геофизикалық қызметінің мәліметтері бойынша, 2025 жылғы 13 сәуірде Астана уақытымен сағат 09:24-те ел аумағында жойқын жер сілкінісі тіркелді, оның эпицентрі Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде болды, магнитудасы 5-6 баллды көрсетті.

  • Рашт ауданында – 4-5,
  • Душанбе қаласында – 3.

Сурет: kchs.tj

Екінші зілзала 12:14-те болды, магнитудасы 4 баллды көрсетті. Ал, үшінші 3 баллдық жер сілкінісі 13:33-те тіркелді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның тапсырмасы негізінде республикалық комиссия құрылды.

14 сәуір күні таң сәріде Тәжікстан тағы да дүмпулер сезілді. Эпицентрі Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай 156 шақырым жерде болды. Магнитудасы 3-4 баллды құрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!