Таразда есірткі сатушылардан мефедрон тәркіленді
© Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысының полициясы синтетика сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды.
Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 гр мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды.
Яғни 330-дан астам доза есірткінің тұтыну үшін таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңге сомасына бағаланады.
"Екі жақын дос Тараз қаласында есірткі заттарын сатумен айналысқан. Жедел қызметкерлер оларды ұзақ уақыт бақылады. Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция олардың тұтынушылармен алдын-ала кезекті келісіміне кейін жүргізілді", – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:12, 18 мамыр 2024
Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі 1 маусымға дейін Алматыда пилоттық режимде іске қосылады
-
16:30, 18 мамыр 2024
Мария Севостьянова таеквондодан Fзия чемпионатының жүлдегері атанды
-
15:51, 18 мамыр 2024
Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды
-
15:12, 18 мамыр 2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
-
14:39, 18 мамыр 2024
Үстел теннисінен Олимиадаға іріктеу: Қазақстан спортшыларының аралық нәтижесі қандай