Солтүстік Корея оңтүстік көршісімен арадағы жолдарды жауып тастады
© Сурет: pixabay
Солтүстік Корея армиясы Оңтүстікпен арадағы барлық автожолдар мен теміржолдарды толық жапты және де Пхеньян шекарадағы қорғанысты нығайтып жатыр.
Мұны бүгін осы елдің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады. Олардың дерегінше, Ким Чен Ын билігі мұндай шешімді Оңтүстік Кореяның әскери жаттығу өткізуіне жауап ретінде қабылдаған.
Ал өткен тәулікте Солтүстік Кореяда парламенттің негізгі сессиясы ашылды.
Онда азаматтардың еңбекке араласу және дауыс беру жасы өзгертіліп, өнеркәсіп пен экономика жайлы заң қабылданып, жаңа қорғаныс министрі тағайындалған, деп жазады qazaqstan.tv.
Дегенмен жиында Оңтүстікпен бірігу туралы сөзді Конституциядан алып тастау мәселесі қозғалмады.
Айта кетсек, бұндай өзгеріс туралы қауесет халықаралық баспасөзде бірнеше ай бұрын тараған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті