Шымкентте 6,7 келілік алып сәби дүниеге келді

14:51, 7 сәуір 2025

© Сурет: pexels

Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 1984 жылы туған ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"OTYRAR" телеарнасының дерегіне сүйенсек, сәби — ұл бала, әрі отбасындағы алтыншы перзент. Бұған дейінгі бес баланың төртеуі ұл, біреуі қыз.

"Ана да, бала да аман-есен, жағдайлары жақсы. Ең таңғаларлығы — алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады",- делінген ақпаратта.

Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3271-қыз бала, 3448-ұл бала.

Бұған дейін Түркістан облысында қарызын өтеу үшін мал ұрлығын жасағандар ұсталғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!