Шығыс Қазақстанда жеті баласына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылды

12:51, 16 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Шығыс Қазақстанда жеті баласының алдында 10 млн теңге алименттік берешегі бар әйел сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 10 сәуірде заңды күшіне енген Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, әйел "Балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша кінәлі деп танылды.

"Сот оған бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жиналған берешек сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады. Бұл қаражат жеті кәмелетке толмаған баланы асырауға арналған болатын. Ұзақ уақыт бойы олардың құқықтары мен мүдделері бұзылып келген",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, жылдың басынан бері ШҚО полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері алимент төлеуден қасақана жалтару фактілері бойынша сотқа тоғыз қылмыстық іс жолданды.

"Оның сегізі бойынша айыптау үкімдері шығарылды, – деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітов.

Бұған дейін Жаңаөзенде баласының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап бергендігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!