Швециядан аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқырды деген қазақстандық экстрадицияланды

11:50, 9 қараша 2024

© Сурет:

Бүгін, 9 қарашада аса аса ірі көлемде жымқырған Қазақстан азаматы Швециядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратура мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Стокгольмдегі Елшілігінің көмегімен бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Швеция Корольдігінен Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Ол 2015–2020 жылы Шымкенттегі сауда орталығында жұмыс істеп жүріп, өзіне сеніп тапсырылған 57 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылы ақпан айында ол Швецияда ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініші бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

"Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Айта кету керек, Швеция Корольдігімен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, сотталушыны экстрадициялау Қазақстан Бас прокуратурасы мен Швеция Әділет министрлігі арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Одан басқа, былтыр швед тарабы Қазақстанға іздеуде жүрген екі адамды экстрадициялаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!