«Шұғыл түрде растау қажет»: қазақстандықтарға маңызды ақпар хабарланды
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 12 мамырда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство қазақстандықтарды алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді.
"Соңғы уақытта өзін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, салық төлеушілерге телефон арқылы хабарласатын белгісіз тұлғалардың азаматтарды жаңылыстыру фактілері тіркелуде. Алаяқтар қызмет түрін шұғыл түрде растау, тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымша арқылы міндетті растаудан өту қажет екенін айтып, азаматтарды түрлі қосымшаларды жүктеуге, күмәнді сілтемелерге өтуге, авторизациядан өтуге, SMS-кодтарды, ЭЦҚ деректерін немесе өзге де жеке мәліметтерді енгізуге көндіреді".ҚР МКК баспасөз қызметі
Мысалы, алаяқтар қызметті "әр екі жыл сайын растау қажет" деген желеумен e-Salyq mobile немесе басқа қосымшаларды жүктеуді талап етіп, орындалмаған жағдайда қызметтің тоқтатылатынын айтуы мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және алаяқтық схема болып табылады.
"Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды, сондай-ақ телефон арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуді, растау кодтарын, банк картасының деректерін, ЭЦҚ кілттерін, парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелерге өтуді талап етпейді",- делінген ақпаратта.
Азаматтарды сақ болуға шақырды:
- белгісіз тұлғалардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамаңыз;
- SMS-кодтарды, парольдерді және ЭЦҚ деректерін ешкімге бермеңіз;
- ақпаратты тек МКК-ның ресми ақпарат көздері арқылы тексеріңіз.
"Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатуды ұсынамыз".ҚР МКК баспасөз қызметі
Бұған дейін Ақтөбеде пробацияда жүрген ер адам кәсіпкердің сеніміне кіріп, оны 2,5 млн теңгеге сан соқтырып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:17, 28 маусым 2026
Шиелі теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан кейін іске қосылды
-
19:58, 27 маусым 2026
“Тазалық пен тәртіп”: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды
-
19:00, 27 маусым 2026
Жексенбіде еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
18:57, 27 маусым 2026
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
-
17:46, 27 маусым 2026
Алматыда хандар киген мұрақтар, билер киген бөріктер көпшілік назарына ұсынылды





