«Шұбатты шарап бокалынан ішіп көрмеппіз»: Юрий Дудь Қазақстандағы сапарын еске алды
© Сурет: Instagram/yurydud
Журналист Юрий Дудь пен видеоблогер Руслан Усачев 2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға келген. Арада бес жыл өткен соң, 2026 жылғы 9 қыркүйекте YouTube-тағы "вДудь" авторлық арнасының жүргізушісі архивтегі видеоларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сол кезде миллиондаған аудиториясы бар блогерлер Маңғыстау облысындағы табиғи көрікті жер – Бозжыра шатқалына барған.
Видеода Дудь пен Усачев дәстүрлі қазақтың қышқыл сүттен жасалған сусыны – шұбатты алғаш рет ішіп көрген.
"Айранның күшті түрі екен!" – деді Усачев сусынның дәмін татып көргеннен кейін.
Ал Дудь видеоның сипаттамасында қазақстандықтардан ұлттық асхананың тағы қандай тағамдарын татып көруге кеңес беретінін сұрады.
"Қазақстаннан тыс жердегі достар, сіздер ішіп көрдіңіздер ме? Әсерлеріңізбен бөлісіңіздер! Қазақстандағы достар, осындай мүмкіндік бола қалған жағдайда жергілікті асханадан тағы ненің дәмін татып көруге кеңес бересіздер?" – деп жазды Юрий Дудь.
Қазақстандық журналист Асхат Ниязов видеоны әзілмен: "Шұбатты шарап бокалынан ішіп көрмеппіз", – деп пікір білдірді.
Ал желі қолданушылары Дудьке қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып, түрлі кеңес берген:
- "Қойдың басын, әсіресе миын жеп көру керек. Бұл – деликатес".
- "Бешбармақты жеп көрген шығарсыз?"
- "Жент, тары, талқан, фишбармақ".
- "Бауырсақ, бешбармақ, палау, лағман, қуырдақ".
- "Ыстықта қышқыл сүт өнімдерін абайлап ішіңіз".
- "Мен Қазақстаннанмын. Өзім де ішіп көрмеппін".
- "Бас" деген тағамды жеп көріңіз – ол қойдың басы. Өте қызық тәжірибе".
- "Әрине, бешбармақ! Мейрамханада емес, тамаша қонақжай әйелдің үйінде жеген дұрыс".
- "Шұбат өте пайдалы, әсіресе ер адамдарға! Сөз беремін", – деп жазды Қазнет қолданушылары.
Еске салайық, 2025 жылдың қазанында қазақстандық танымал блогер әрі PR-маман Әлішер Елікбаев Мадейра аралында Юрий Дудьпен кездесіп, қазақстандық қалың аудиторияны таңғалдырған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:26, 9 қыркүйек 2026
Астанада бір алаяқ конкурсқа баратын домбырашы балалардың ақшасын иеленіп, жер сипатып кеткен
-
17:26, 9 қыркүйек 2026
Астанада бір алаяқ Дубайға конкурсқа баратын балалардың ақшасын иеленіп, жер сипатып кеткен
-
17:17, 9 қыркүйек 2026
Пайдалы кеңес: Қазақстанда кәсіп ашу үшін қалай грант ақшаға қол жеткізуге болады
-
16:59, 9 қыркүйек 2026
Нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасау тәртібі өзгерді
-
16:50, 9 қыркүйек 2026
Алматыда 2027 жылдан бастап пиротехника қолдануға тыйым салынады





