«Шоу-пакет» әзірлейді: Депутат Қазақстандағы марапаттар салымына наразылығын білдірді
© Фото: akorda.kz
Мәжілісмен Мақсат Толықбай 2026 жылғы 14 қаңтардағы депутаттық сауалында беріліп жатқан марапаттардың құны қалмағанын айтып, марапаттау ережелерін пысықтау туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, атаққұмарлық кәдімгі дертке айналып барады. Атақ сататын аты белгісіз қоғамдық ұйымдар медаль, ордендерді шүлен таратқандай оңды-солды үлестіріп жүр.
"Бұған дейін бұл мәселені біраз әріптестерім де көтерді. Арнайы заң, норма да қабылданды. Алайда бұл үрдіс керісінше үдеп барады. Мәселен, "Қазақстанның құрметті азаматы" төсбелгісі, "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" медалі және "Ұлт ұстазы" дейтін атақтар кейбір деректерге қарағанда, ашық не жасырын түрде 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі аралықта бағаланады екен. Пысықай ұйымдар кәдімгі зәулім ғимараттарды жалға алып, ақшасы бар кәсіпкерден бастап мұғалімге дейін қызыл кілем төсеп, сахнаға салтанатты түрде тұрып марапаттайды. Өздері мәз. Шын мәнінде не атақ алып жатқанын өздері де білмейді,- деді ол.
Депутаттың пікірінше, мәселе – біреудің марапат алғанында емес. Мәселе – марапаттың қандай жолмен, қандай негізде беріліп жатқанында.
"Тіпті, "Ғасыр ұстазы", "Алаш ұстазы" дейтін атақтар шығыпты. Тек ақшасын төлесең болды, медаль да, орден де, куәлік те, қысқасы, дайын "шоу-пакетке" бірден ие боласың. Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік марапаттар — заңмен қорғалатын институт. Атақтар мен наградалардың критерийі нақты белгіленіп, рәсімделуі ашық түрде жүзеге асады. Бұл жүйе награданың беделін сақтауға, заңсыз саудаға жол бермеуге, қоғамда әділдік пен моральдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал біздің елде ше? Қалтасында қаржысы немесе танысы бар кез келген адам қоғамдық ұйым ашып алып, атақ таратумен айналыса алады. Ең қауіптісі — бұл "марапат бизнесінің" ең алдымен мектептерге енуі. Бүгінде ұстаздың кәсіби деңгейі нақты нәтиже мен білім сапасымен емес, алғыс хат пен медаль саны арқылы өлшенетіндей жағдайға жеттік. Соның салдарынан мұғалімдер оқушыға білім беруде емес, марапат жинауда бір-бірімен жарыса бастады".
Осыған байланысты мәжілісмен 2025 жылғы маусымда қабылданған заңнамалық өзгерістердің толық әрі тиімді іске асуын қамтамасыз ету, мемлекеттік наградалар туралы заң нормаларының орындалуына жүйелі бақылау орнатуды және қоғамдық марапаттарды заңсыз тарату фактілері бойынша әкімшілік және өзге де құқықтық шараларды жүйелі түрде қолдану, жауапты тұлғалардың әрекетіне нақты құқықтық баға беру, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық наградалардың бірыңғай тіркелімін енгізу, цифрлық бақылау мен қадағалау тетіктерін күшейту арқылы марапаттау институтының ашықтығы мен беделін қамтамасыз етуді ұсынды.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың еліміздегі ішімдік сатылымына шектеу енгізуді талап еткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 14 қаңтар 2026
Ауылдағы жас дәрігерлерге уәде етілген төлемдер төленбей отыр – депутат
-
16:34, 14 қаңтар 2026
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін қандай өзгерістер дайындалып жатыр
-
16:25, 14 қаңтар 2026
Қосымша білім беру бағдарламаларының басым бөлігі өзектілігін жоғалтқан – депутат
-
16:16, 14 қаңтар 2026
Жаңа салық режимі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға әлеуметтік кепілдіктер қарастырылды
-
16:04, 14 қаңтар 2026
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттауы мүмкін





